Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

М.Әйтенов: Алдағы үш жылда жол мәселесі толығымен шешіледі

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алдағы үш жылда Шымент қаласында жол мәселесі толық шешімін тауып, биыл қала шетіндегі топырақ жолдарға шағал тас төселеді. Бүгін Абай ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті халықпен жүздескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. 

М.Әйтенов: Алдағы үш жылда жол мәселесі толығымен шешіледі

- Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан миллионды қалаға 440 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қаралған қаражат мақсатты игерілуі қажет. Бұл инфрақұрылымды жақсартып, барлық саланың әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді қаланың дамуына жұмсап отырмыз, - деді М.Дүйсенбекұлы. 

Аумағы 49 704 гектарды құрайтын Абай ауданында 323 мыңға жуық тұрғын бар. 34 шағынаудан мен тұрғын алаптың 10-ы 2014 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысынан қалаға өткен. Бүгінде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 78,5%-ды құрайтын ауданда нақты жұмыстар қолға алынып, 5 тұрғын алапты ауыз сумен қамтитын магистралды су жүйесінің құрылысы жүруде.   

 

Сондай-ақ, Жаңаталап, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжайдағы 7232 үйге ауыз су жүйелері тартылуда. Жоспарлы жұмыстар аяқталса, аудан халқының 86%-ы таза ауыз сумен қамтылатын болады. 

Биыл Абай ауданындағы 49 көшені жөндеуге бюджеттен 1 099,6 млн. қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Соңғы 10 жылда аудандағы 219 аулаға балалардың ойын алаңшасы мен 50 спорт алаңы орнатылған. Тек өткен жылы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 45 аулаға ойын алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. 

 

Биыл 41 аулаға балалар алаңшасы құрылысына 637,4 млн., 8 спорт алаңын орнатуға 131,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта атқарылған жұмыстармен тыңғылықты танысқан қала басшысы Абай ауданында ауқымды жұмыс бар екенін айтып, құрылысы жүріп жатқан барлық нысандардың сапасына мән беруді әрі тұрақты бақылауды жауаптыларға тапсырды.

Сапар аясында М.Әйтенов Водопьянов көшесінде өткен жылы өртенген үйдің орнына салынып жатқан 85 пәтерлі үйдің құрылысымен  танысты. Тапсырыс беруші «Шымкент» ӘКК» АҚ мен мердігер «Отау Строй» компаниясына құрылыс жұмыстарын Қала күніне орай аяқтап, баспана кілтін тұрғындарға уақытынан ертерек табыстауды жүктеді.

 

Шымкент