Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Тағы үш адам COVID-19 жұқтырды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында тағы үш адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде анықталды.

Қарағанды облысы: Тағы үш адам COVID-19 жұқтырды

Науқастардың екеуі Қарағандының 1961 және 1980 жылдары туған тұрғындары. Ал үшінші пациент Теміртау қаласынан шықты. Жасы 59-дағы ер адам провизорлық стационарда жатқан екен.

Індетке шалдыққандардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Сәуірдің 28-індегі жағдай бойынша Қарағанды облысында COVID-19 пандемиясын жұқтырудың 139 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде бір науқас көз жұмды және 43 адам аурудан жазылып шықты.