Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Мәслихат депутаттары 50 миллион теңгенің көмегін көрсетті

400 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2115  отбасыға азық-түлік жеткізілді.

Шығыс Қазақстан: Мәслихат депутаттары 50 миллион теңгенің көмегін көрсетті

Елімізде Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Шығыс Қазақстан облысында жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін облыстық мәслихат депутатары «Біз біргеміз!» акциясы аясында облысымыздағы көпбалалы  отбасыларды, ардагерлерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды елдегі төтенше жағдай кезінде 50 млн. теңге көлемінде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп, қайырымдылық жасады.

м

Бұл игі бастаманы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы және аудан, қалалардағы филиалдары үйлестіруде. Акцияның жүзеге асырылуы облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Даниал Кенжетайұлының тікелей бақылауында.

Коронавирусқа қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу мақсатында қолға алынған акцияға облыстық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер барынша атсалысып, қолдау білдіруде. «Елдегі төтенше жағдай кезінде халықтың осал топтарына қолдау білдіру - біздің басты мақсатымыз. Бүгінгі таңда әлемді алаңдатып отырған індет елімізде де таралуда. Осындай кезде депутат болсын, кәсіпкерлер болсын, бәрі де жұмыла отырып қарапайым тұрғындарға қолдан келгенше жәрдемдесуі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, біз кез келген қиындықты  тек бірлесе күрескенде ғана жеңетініміз шындық. Халқымызда «Жұмыла көтерген  жүк жеңіл»  деген жақсы сөз бар. Ендеше бұл уақытша қиындықты да бірге еңсеретін боламыз» дейді облыстық мәслихаттың депутаты Айдос Серікқалиұлы.

ы

Азық-түліктер салынған себеттер партияның аудан, қалалық филиалдары арқылы «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары бойынша аса мұқтаж жандарға жеткізілуде. Бұл ретте «жасотандықтар» мен ерікті жастар, партия қызметкерлері елдімекендерді аралап, көмекті тұрғындарға жеткізіп жүргендігін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына түскен өтініштер бойынша да тұрғындарға барынша  көмек беріліп келеді. «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков партия филиалының әлуеметтік желідегі парақшаларына тұрғындардан өтініш өте көп түсіп жатқандығын айтады. «Біз мейлінше әрбір өтініштің орындалуына күш салып жатырмыз. 2115  отбасыға азық-түлік жеткізілді. Әлі де көмек сұрағандар көп. Мақсатымыз – көмекті шын мұқтаждарға жеткізу. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қазақстан  халқына жолдаған өз Үндеуінде мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектер туралы айтты. «Nur Otan» партиясының да жемісті жұмыс атқарып жатқанына тоқталды. «Біз біргеміз!» акциясы арқылы көмекке ие болған тұрғындар ризашылықтарын білдіріп жатыр. Біз өз тарапымыздан партия қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, аудан, қала әкімдері мен «жасотандықтарға», ерікті жастарға және қиын кезеңде түсіністік танытып отырған елге алғысымызды айтамыз. Бұл қиындықты бірге жеңіп шығамыз» дейді ол.

 Шығыс Қазақстан облысы