Орта ғасырлардағы мұсылмандық Шығыстағы ғалымдардың арасындағы басты тұлғалардың бірі, ұлы ғалым-энциклопедист, философ, астроном, математик және медик – Әбу Насыр әл-Фараби болып табылады.
Орта ғасырлардағы мұсылмандық Шығыстағы ғалымдардың арасындағы басты тұлғалардың бірі, ұлы ғалым-энциклопедист, философ, астроном, математик және медик – Әбу Насыр әл-Фараби болып табылады.
Әбу Насыр әл-Фараби – Сыр өңіріндегі ірі ортағасырлық қала Фарабтан (кейіннен Отырар) шыққан. Осы бірегей тұлғаның қызығушылықтары сол уақытта таралған ғылым мен мәдениеттің барлық белгілі салалары – астрономия, логика, музыка теориясы, математика, әлеуметтану және этика, медицина және психология, философия мен құқық, өнер және әдебиет, поэзия және музыканы дерлік қамтыды.
Әл-Фараби «Муаллим ассана» – «Екінші ұстаз» атымен таныс. «Екінші», себебі «Бірінші» деп мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Аристотельді атаған. Оны Шығыста «Бірінші» деп санаған. Ұлы ғалым әл-Фарабидің қолжазба мұралары әлемнің көптеген кітапханалары мен мұрағаттарына таралған. Көптеген ғалымдар оны іздеумен және зерттеумен айналысуда.