Қоғам • 28 Сәуір, 2020

Екі миллионнан астам қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

821 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық еңбек ұйымының болжамына сәйкес, COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық және еңбек дағдарыстан жаһандық жұмыссыздықтың салдарын 24,7 миллион адам тартуы мүмкін.

Екі миллионнан астам қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін

Аталған ұйым сараптамасы көрсеткеніндей, көбінесе табыс деңгейі жоғары қызметкерлер жұмыссыз қалады. Ал бұл саладағы көрсеткіш  2,8-14,6 млн адамға дейін артуы мүмкін.

Ал Қазақстан Президентінің кеңесшісі, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының жетекшісі Тамара Дүйсенова алдағы уақытта республика тұрғындарының 3,7 пайызы жұмыссыз қалуы мүмкіндігін мәлім етті.

Дағдарыс жұмыс күшінің кем дегенде үштен біріне және ең бастысы шағын бизнесте жұмыс істейтін 3,3 миллион адамға әсер етеді. Интерфакс деректері бойынша, алдын ала болжанған көрскеткіш негізінде қысқа мерзімде жұмыссыздар саны 1,3-2,5 миллионды құрауы мүмкін.  Жаппай жұмыссыздықты болдырмауға және жұмыспен қамтуға ықпал ететін шұғыл шаралар қабылданбаса, жұмыссыздық деңгейі оптимистік сценарий бойынша 4,8 пайыздан 13,7 пайызды құрайды.

Бөлшек сауда, әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер сияқты секторларда жұмыс істейтін компанияларды ТЖ режімі аяқталғаннан кейін де үш ай қолдау қажет болады. Өйткені олар өз қызметін тез арада қалпына келтіре алады. Туризм, ойын-сауық индустриясы, халықаралық тасымалдар сияқты салалар ұзағырақ қалпына келеді. Тиісінше оларға қолдау көрсету неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни 6-12 айға созылуы мүмкін.