Коронавирус • 28 Сәуір, 2020

Түркістан: Індет жұқтырған тағы 4 азамат тіркелді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған төрт азаматтың екеуі облыс орталығының 1991 жылы және 1997 жылы туған, ал екеуі Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінің 46 жастағы, 16 жастағы тұрғындары.

Түркістан: Індет жұқтырған тағы 4 азамат тіркелді

Аталған азаматтар оқшауланған, ем қабылдауда, жақын байланыста болғандар анықталуда. Облыстық ситуациялық орталықтың хабарлауынша,  қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны облыс бойынша - 117.

Сондай-ақ 28 сәуір күні Арыс қаласының үш азаматы коронавирус инфекциясынан айығып, үйлеріне оралды. КВИ және жедел пневмония, артериальді гипертензия сынды қосалқы диагнозбен 4 сәуір күні ауруханаға түскен 52 жастағы азамат емнен кейін жағдайының жақсаруына және 2 рет ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты үйіне шығарылды. Ал Арыс қаласының 1974 жылы туған тұрғыны 10 сәуір күні КВИ расталып және жедел бронхитпен ауруханаға жатқызылған.  Науқастың жағдайы жақсаруы және 26 сәуір күні ПТР зерттеуі теріс нәтиже көрсетуі себепті ауруханадан шықты. Арыс қаласының 2018 жылы туған кішкентай тұрғыны да  алынған емнен кейін жағдайының жақсаруы және соңғы ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты үйіне оралды.

Жалпы облыс бойынша індеттен жазылғандар саны – 29.