Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Түркістан: Таулы ауданда 68 шақырым жол жөнделеді

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төлеби ауданында жаздыгүні тау бөктерінде салқын ауа, тамаша табиғат аясында демалғысы келетіндер діттеген жеріне жылдам жететіндей жағдай жасалуда. Яғни өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 28,838 шақырым болатын көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Түркістан: Таулы ауданда 68 шақырым жол жөнделеді

Ал биылғы жылы 42 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Бұл бағытта республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы қаралып, жалпы ұзындығы 68,4 шақырым болатын жол жөндеуден өтеді.

Нәтижесінде ауданда жақсы және қанағатты жағдайдағы көше жолдардың үлесі 39-дан 50,4 пайызға артпақ. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша Ленгір қаласындағы орталық Төлеби, Ә.Бектаев көшелері, Шахта Тоғыс және Балдыберек-Төңкеріс елді мекендердің жолдары яғни, 18,5 шақырым көше орташа жөндеуден өткізіледі. Бұл жұмыстар толығымен аяқталған жағдайда биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағатты жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 75 пайыздан 90 пайызға артпақ.