Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

​Семей машина жасау зауыты залалсыздандыру кешенін шығара бастады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей машина жасау зауыты («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) залалсыздандыру кешенін шығаруға кірісті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

​Семей машина жасау зауыты залалсыздандыру кешенін шығара бастады

Семей қаласының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының төрағасы Е.Сәлімовтің өтініші бойынша кәсіпорын өз қызметкерлерінің күшімен залалсыздандыру кешеннің алғашқы партиясын шығарды. 

Дезинфекциялық кешен - бұл металдан және поликарбонаттан жасалған тоннель. Онда жоғары қысымда дезинфекциялық ерітінді шашатын, бүріккіші бар сорғы станциясы орнатылған. Механизмдегі қозғалыс сенсор арқылы іске қосады. 

Дезинфекциялау тоннелінің бірінші данасы Семей қаласына тарту ретінде беріліп, халық көп жиналатын жерлерге орнатылмақшы.

Қазір облыс және басқа да аймақ тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында оларды әрі қарай дезинфекциялық тоннельдермен жабдықтау үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде.