Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Түркістан: Сайрам ауданында 100 гектар жерге алма бағы отырғызылады

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында қарқынды бау-бақша мен жеміс-жидек өсіруге ерекше мән беріліп келеді. Қарқынды бау көлемін ұлғайтқан аудандар қатары да көбейе түсуде. Мысалы,  «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданында жалпы ауданы 100 гектар қарқынды отбасылық алма бағын ұйымдастыру бағыты бойынша 7 ірі жобаны қаржыландырған болатын.

Түркістан: Сайрам ауданында 100 гектар жерге алма бағы отырғызылады

Суретті түсірген Самат МЫРЗАЛИЕВ

Жобаның негізгі мақсаты – өңірде қарқынды алма бақтарының көлемін одан әрі ұлғайтып, оларға тамшылап суару жүйесін енгізу. Жалпы құны 2 млрд 097,3 млн теңге болатын жоба бойынша отбасылық алма бақтарын құруға арналған жердің жалпы ауданы 117,61 гектар. Оның 100 гектары қарқынды алма бағын отырғызуға, ал 17,61 гектары инфрақұрылымға яғни, жол салуға, сорғы және сүзу стансаларын орнатуға, тұндырғыш-жинақтағыш, ұңғыма үшін пайдаланылады.

Жоба толық іске асқанда 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қарқынды алма бағы пісіп-жетілгеннен соң жылына 4 500 тонна өнім беруге қауқарлы. Отбасылық бақтарда негізінен алма ағашының «Гала», «Голден Делишес», «Фиджи», «Гренни Смит» сұрыптары көшет ретінде отырғызылады.

Соңғы жаңалықтар