Руханият • 29 Сәуір, 2020

Мақтан жайлы пәлсапа

613 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі қоғамда орынды-орынсыз мақтау көп. Мақтансүйгіштік – өзін байсалды тұлға ретінде сезіне алмайтын, жетілмей қалған иллюзиясын толтырудың басқа тәсілін таппаған пенделерге тән. Бізге Алла тағаланың әмір-үкімін жеткізуші Мұхаммед пайғамбардан жеткен өсиеттің бірінде «Жаратушының ең жек көретін нәрсесі – мақтан және мақтан үшін жасалған амалдар» дейді. Демек жалған мақтау – күнә.

Мақтан жайлы пәлсапа

Абай атамыз «адам баласы мақтаннан аман болмағы – қиын іс» дейді. Бірақ соның бәрі ор­нымен, мәдениетті, байыпты, шынайы ай­тылса нешік. Мақтауға жалған араласқан соң, оның маңызы жойылып, шындығы қожы­райды. Сөйтіп адам жалғандыққа бой алдырады да, жақсы мен жаманды ажыратып, бағалай алмайтын күйге түседі.

Абай атамыз мақтанды үлкендік және мақ­таншақтық деп екіге бөледі де, үлкендік – адам ішінен өзін өзі бағалы есеп қылмақ, бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың ісі, олар өзін жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Мақтаншақтық – бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін деп жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді дейді данышпан.

Сонымен бірге ғұлама атамыз мақтан­сүйгіш пенделерді рухани, әлеуметтік тұрғы­дан төмендегідей үш топқа жіктеген екен:

Біріншісі – жатқа мақтанарлық мақтан іздейтіндер. Ол – надан, надан да болса адам.

 Екіншісі – өз елінің ішінде мақтанарлық мақтан іздейтіндер. Оның надандығы толық, адамдығы толық емес.

Үшіншісі – өзге кісі қостамайтын мақтан­ды іздейтіндер. Ол – наданның наданы дейді.

Ораза дегеніміз – күнәдан құтылу айы. Демек осы айда жалған мақтан мен мақтау­дан құтылсақ игі еді.