Кеше тағы 12 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды. Олардың үшеуі Кеген ауданында, сегізі Жамбыл ауданында және біреуі Қапшағай қаласының тұрғындары болып шықты.
- Сырқаттанғандардың жасы 27 мен 56 жас аралығында. Олар Кеген аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы ауылдық аурухананың провизорлық стационарына, Шелек аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Науықастармен байланыста болған 55 адам анықталып, олардың бәрі оқшауланды, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, кеше Қарасай ауданындағы инфекциялық ауруханадан 1952 жылы туған науқас сауығып, үйіне баруға рұхсат алды. Ол ауруханаға коронавирус диагнозымен 11 сәуір күні түскен болатын. Қазір «Олимпия ауылы» алабының тұрғынының жағдайы жақсы, қайта тексеру науқас бойында коронавирус белгісі жоқ екенін көрсеткен.
Жалпы, бұл Қарасай ауданы бойынша індеттен айыққан тоғызыншы адам. Ал облыс бойынша оңалғандар саны – 10.
Алматы облысы