Денсаулық • Бүгін, 08:17

Аурудың алдын алудың маңызы зор

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Медицинаның ең үлкен жетістіктерінің бірі вакцина – ағзаны жұқпалы аурулардан қорғаудың ең сенімді тәсілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, вакцинация жыл сайын әлемде 3-5 млн адамның өмірін сақтап қалады.

Аурудың алдын алудың маңызы зор

Сурет: complimed.com.ua

Елімізде балалардың негізгі екпелермен қамтылу деңгейі жоғары. 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, егілген бала саны күтілетін көрсеткіштің шамамен 95%-ын құрайды. Айталық, Алматы қаласының Алмалы ауданында жаңа туған балалар арасында дифтерия, көкжөтел, сіреспеге қарсы вакцинациямен қамтылу деңгейі орта есеппен 95-97% болды. Перзентханада, өмірінің 1-4 күнінде нәрестелерге В вирусты гепатитіне, туберкулезге (БЦЖ) қарсы екпе жүргізіледі. 2 айлық шағында балалар көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге (АКДС), полиомиелитке, В гепатитіне, b типті гемофильді инфекцияға, пневмококк инфекциясына қарсы кешенді вакцинация алады. 3-4 айлық кезде осы инфекцияларға қарсы вакцинация жалғасады, оның ішінде пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаның екінші дозасы енгізіледі. Туғанына 12-15 ай болған ба­лаларға қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы екпе, сондай-ақ полиомиелит пен пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация жүргізіледі. 1,5 жаста көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, b типті гемофильді инфекцияға қарсы ревакцинация жасалады. Кейін вакцинация мектеп жасында жалғасады.

Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін халықтың кемінде 95%-ы вакцинацияланған болуы қажет. Мұндай деңгей ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Ол егілген адамдарды ғана емес, медициналық себептерге байланысты вакцина ала алмайтын адамдарды да қорғайды.

Профилактикалық егулер – балалардың денсаулығын қор­ғаудың ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Вакцинацияның арқасында көптеген қауіпті инфекциялардың таралуы айтар­лықтай азайды, бүкіл әлемде қатерлі аурулардың миллион­даған жағдайының алдын алуға мүмкіндік туды.

 

Алмагүл ҚАЛИБЕКОВА,

Алматы қаласы Алмалы ауданының санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидқадағалау бөлімінің басшысы 

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32