Әлем • 29 Сәуір, 2020

Ёширо Мори: Токио олимпиадасы келесі жылы да өтпеуі мүмкін

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күншығыс елінің «Nikkansports» ақпарат көзінің мәлімдеуіне қарағанда, келесі жылға шегіндіріліген «Токио-2020» жазғы ойындары уақытында өтпейтін түрі бар. Бұл хабарды Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ёширо Мори кеше журналистермен кездесуінде баяндады.

Ёширо Мори: Токио олимпиадасы келесі жылы да өтпеуі мүмкін

Бұған себеп – әлемді қауызына сыйдырған коронавирустың салдары көрінеді.

Өткенде ғана Халықаралық олимпиада комитетінің төрағасы Томас Бах пен Жапония елінің премьер-министрі Абэ Шинзолар 24 наурызда тоқайласып, жазғы спорт ойындарын келесі жылы өткізуге келіскен болатын. Бірақ індеттің салдарынан бұл да болмайтын түрі бар. Яғни, тағы да бір жылға шегерілмек.

 Десе де қашан өтетіні белгісіз жазғы спорт ойындары «Токио-2020» титулын өзгертпейді.

Жалпы бұл мәселе де ең көп қаржылық шығынға ұшырап отырған ел – Жапония. Бұл ел тек жазғы спорт ойындарының алдан ала дайындық жұмыстары үшін 12 миллиард доллар жұмсаған екен.

Соңғы жаңалықтар