«Отбасылық және гендерлік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына Парламенттің бір топ депутаты бастама жасады. Заң жобасы отбасылық саясат саласына, ерлер мен әйелдердің тең құқығына қатысты заңнамадағы олқылықтарды жоюға бағытталған. Бірқатар заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктер туралы заңға тең сараптама, жұмысы бойынша статистика ұғымдарын енгізу, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің квазимемлекеттік секторда басшылық жасауы мен басқаруға қатысуына тең мүмкіндік беру мәселелерін реттеу және басқа да түзетулер қарастырылады», - деді депутат Бейбіт Мамыраев.
Оның айтуынша, комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 23 желтоқсанға дейін қорытынды әзірлеуге дайын.