Технология • 29 Сәуір, 2020

WhatsApp бейне қоңырауларына 8 қолданушыға дейін қатыса алады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер тобы тұрақты пайдаланушылар үшін бейне қоңырауларға қатысушылардың санын екі есеге арттырып отыр. Интернетте қызу талқыланған жаңалыққа сәйкес бұрын WhatsApp мессенджеріндегі видеочат қызметін бұрын 4 адам пайдаланған болса, қазір бұл кеңістікте 8 адамның байланысқа шығу мүмкіндігі бар.

WhatsApp бейне қоңырауларына 8 қолданушыға дейін  қатыса алады

Желі қолданушылары WhatsApp кеңейтілген лимитін App Store арқылы iPhone және Android смартфондарына жүктей алады. Бұл бағдарлама әзірлеушілер тарапынан қорғалып, шифрланған.

IPhone қолданушылары үшін жаңа нұсқада  хабарларды басқару мәзірін қосқанда iOS 13-тің дизайнымен сәйкес келетін интерфейс жетілдірілген.