Спорт • 29 Сәуір, 2020

Кейн Веласкес те керек болмай қалды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустің кесірінен Кәсіпқой рестлинг ұйымы (WWE) қазіргі кезде қаржы тапшылығын айқын сезінуде. Соның салдарынан олар өздерінің қатарындағы кейбір спортшылардан арылуда.

Кейн Веласкес те керек болмай қалды

Бюджеттің қысқаруына байланысты WWE өзгелерді айтпағанда, әйгілі жекпе-жек шебері Кейн Веласкестің өзімен де келісімшартты үзуге мәжбүр болып отыр. Ал бұл спортшының есімі төрткүл дүниеге мәшһүр.

1982 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында туып-өскен Кейн алғашқы кездері кикбоксинг және бразилиялық джиу-джитсуды жетік меңгерді. 2006 жылдың күзінде ережесіз жекпе-жекке шықты. Сол кезден бері 17 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. 12 қарсыласын нокаутпен ұтты. 2010 жылдың 23 қазанында Брок Леснарды соққыға шығып, аса ауыр салмақта UFC чемпионы атанды. 2011 жылдың қарашасында Жуниор дус Сантустан жеңіліп, алтын белбеуден айырылғанымен, 2012 жылы дәл сол спортшыға сан соқтырып, қайта чемпиондық тәжді иеленді.

Өзінің соңғы жекпе-жегін Кейн Веласкес былтыр 17 ақпанда камерундық Франсис Нгуануға қарсы өткізіп, нокаутпен ұтылған болатын.