Андре 1970 жылдың 29 сәуірінде Лас-Вегас қаласында дүниеге келді. Жастайынан жасындай жарқыраған бозбала уақыт оза өз қатарының алды болды. Әуелде АҚШ-та алдына жан салмаған ол көп ұзамай халықаралық ареналарда да мықтылығын мойындатты.
Өзінің спорттық карьерасында Андре Агасси АТР турнирлерінде 60 мәрте жеңімпаз атанды. 1992-2003 жылдар аралығында Аустралияның ашық біріншілігін – төрт, АҚШ-тың ашық біріншілігін – екі және Уимблдон мен Ролан Гарросты – бір-бір реттен ұтты. 1996 жылы Атланта Олимпиадасында алдына жан салмады. Дэвис кубогында үш мәрте дара шықты. Тоқсаныншы жылдардың бел ортасында АТР рейтингінде көш бастады. 2003 жылы Агасси қайта әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол кезде айтулы ойыншы 43 жаста еді. Осылайша, оның есімі төрткүл дүниенің үздігі атанған ең қарт теннисші ретінде тарихта қалды.
Бұл күндері айтулы АҚШ теннисшісі тасы өрге домалаған бизнесмен. Оның меншігінде көптеген құрылыс нысандары, мейрамханалар мен қонақ үйлер бар. Сауда-саттықпен де айналысады.
Андре Агасси екі рет үйленген. Оның алғашқы әйелі – әйгілі актриса және модель Брук Шилдс. 2001 жылы Андре екінші рет даңқты теннисші Штеффи Графпен шаңырақ көтерді.