«Соңғы аптада жалпы еліміз аумағында ауруға шалдығу 8-ден 5,5 пайызға дейін төмендегенін көріп отырмыз. Бір аптада еліміз бойынша ауруға шалдығу өсімі 2,5 пайызға азайды. Алайда кейбір өңірлерде коронавирус жұқтыру жағдайлары жалғасуда, яғни оларда індетке шалдығу өсімі 0-ден 40 пайызға дейін құбылып тұрады. Бұл өз кезегінде сырқаттану ағыны өзгермелі сипатқа ие екенін байқатуда», - деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, өңірлерде іске асырылып жатқан карантиндік шараларды жалғастыра беру керек. Талаптар жеңілдетілгеннің өзінде де қауіпсіздік ережесін ұстану керек.