Әлем • 29 Сәуір, 2020

Ресейде вирус жұқтырғандар саны 100 мыңға жақындады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көршілес Ресейде коронавирус жұқтырған адам саны індеттің ошағы болған Қытай мен Ираннан да асып кетті.

Ресейде вирус жұқтырғандар саны 100 мыңға жақындады

Ресми мәліметке сүйенсек, елде барлығы 99 399 адам індет жұқтырған. Оның ішінде 6 мыңға жуық науқас соңғы тәулікте анықталған.

10 286 адам емделіп, індеттен құлан-таза айығып шықса, 972 науқас қайтыс болған.

Коронавирус ең алғаш Қытайда анықталғанымен, Азияда вирус ең көп тараған ел Ресей болып отыр. Елде науқастарды анықтау үшін барлығы 3,3 млн тест жасалған екен.

Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин әзірге жағдай жақсармайынша шетел азаматтары үшін ел шекарасы жабық болатынын мәлімдеді. Әзірге бұл шара қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

12 мамырға дейін аймақ басшылары мен орталық қазіргі жағдайды есепке ала отырып, өңірлерде біртіндеп шектеу шараларын бәсеңдету жолдарын қарастырып жатыр.

Қазір вирус ел астанасы Мәскеуден гөрі аймақтарда көбірек таралып келеді.