Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Шымкентте көмекке мұқтаж 400 отбасыға азық-түлік таратылды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шымкентте көмекке мұқтаж 400 отбасыға азық-түлік таратылды
Шара шеңберінде «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті.
 
«Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді.
 
 
 
Шымкент