Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды

526 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жарияланды

30 сәуірде Ақмола облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан желі соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қаласында күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан желі соғады, күші екпіні 18 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 30 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі.

30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршак, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Өскемен қаласында 30 сәуірде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қаласында 30 сәуірде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 сәуірде Карағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында 30 сәуірде жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 30 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Күндіз 30 сәуірде Батыс-Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Оралда күндіз 30 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

30 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Султанда күндіз 30 сәуірде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.                                            

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-95 %.

Соңғы жаңалықтар