Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Түркістан облысында 3 айда 46 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдың 3 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 69 қылмыс тіркелген. Оның 46-сы сыбайлас жемқорлық қылмысы.  

Түркістан облысында 3 айда 46 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған

Бұл туралы Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 1 тоқсаны қорытындыланған  баспасөз конференциясында мәлім етті. Сондай-ақ, М.Қарғабай өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша – 11 қылмыс тіркелгенін және жыл басынан бері анықталған қылмыстардың саны 32-ге жеткендігін айтты. Анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке 508,7 млн теңге залал келтірілген. Оның 502,9 млн теңгесі (98,9%) мемлекет бюджетіне қайтарылу арқылы толығымен өндірілген. 

Баспасөз конференциясында М. Қарғабай Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда Департамент жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі жұмыс жүргізуде екенін атап өтті. 

 

Түркістан облысы