Спорт • 29 Сәуір, 2020

Бүгін Ирина Герлицтің туған күні

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін КСРО мен Қазақстанның даңқты баскетболшысы, 1988 жылы Сеулде Олимпиаданың қола жүлдегері және 1992 жылы Барселонада Олимпиада чемпионы атанған Ирина Герлиц 54 жасқа толып отыр.

Бүгін Ирина Герлицтің туған күні

Ирина 1966 жылдың 29 сәуірінде Павлодар облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келді. Мектеп кезінен баскетболмен айналысып, түрлі жарыстарда жүлде алып жүрді. Бойы 190 сантиметрден асатын бойжеткен қырағы мамандардың назарынан тыс қалмады. Алматының «Университет» клубы сапында ойнаған жылдары КСРО құрамасы сапына қабылдады. Герлиц екі бірдей Олимпия ойындарында жүлде алғаны жайында біз жоғарыда айттық. Одан бөлек, жерлесіміз 1986 жылғы әлем чемпионатында күміс медальді мойнына ілсе, 1987 және 1989 жылдары Еуропа чемпионы атанды.

Біраз жылдан бері Ирина Герлиц Францияның Бордо қаласында тұрып жатыр. Оның күйеуі де кезіндегі танымал спортшы. Сексенінші және тоқсаныншы жылдары волейболшы Виктор Козик Алматының «Дорожник» және «Азамат» клубтарының намысын қорғады.