Бас бәйгеге 30 мың доллар тігілген байқауға 88 қатысушының ішінен 31-інің жұмысы таңдап алынған. Оның ішінде біздің жоғарыда аталған жерлестеріміз де бар. Байқаудың көрме-аукционынГонконгта мамыр айында өткізу жоспарланып отыр.
Суретшілер арасындағы аталмыш байқау 2003 жылы құрылды. Байқау барысында әлемдік деңгейдегі өнер бағалаушылар дүние жүзіндегі ең мықты суретшілердің туындыларымен танысады, сатып алады.
Байқауға шеберлердің әрқайсысы үш жұмысын ұсына алады. Қазылар олардың ішінен ең мықтысын таңдап алады. Таңдалған шығармалардан арнайы тізім жасалып, Гонконг галереясына қойылады. Ол шығармаларды сол уақытта көрермендер бағалап жатады.
Жалпы, байқаудың бас бәйгесіне 30 мың доллар, «Халықтық бағалау» аталымында онлайн дауыс берудің нәтижесінде ең көп ұпай жинаған қатысушыға 10 мың доллар, сондай-ақ, қазылардың көңілінен шыққан ең талантты суретшіге 5000 доллар көлемінде сыйақы беріледі.