Бұл жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метр болатын кәсіпорында толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Яғни халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылмақ. Жыл сайынғы өнімділігі - 60-70 тонна. Зауытта отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Түркістан облысы