Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Атырау: Тұрғын үй кезегінде 21 532 адам тұр

728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Рафхат Жолдиевтың мәлім етуінше, осынша тұрғын баспаналы болу үшін кезекке тіркеліпті.

Атырау: Тұрғын үй кезегінде 21 532 адам тұр

Олардың арасында  2051 көпбалалы отбасы  бар.  Сондай-ақ 12059 мемлекеттік және бюджет қызметкері өтініш беріпті.  Ал, 1141 адам жетім, 160 адам апатты үйдің тұрғыны ретінде, әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған  санаттағы  6121  отбасы да тізімге тіркеліп отыр.    

–Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасымен 246, биылғы бірінші тоқсанда 252 пәтер берілді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында өткен жылы 72 отбасы баспанаға ие болды. Биыл бұл бағдарламамен үй алуға 118 адам өтініш берді. Тізімге тіркелген тұрғындар кезегін электронды үкімет порталы арқылы бақылай алады, деді Рафхат Жолдиев.

Оның айтуынша, қазір Атырауда апатты деп танылған көпқабатты 79 үй бар. Оның 10-ы – жатақхана.