Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Бішкекке жеткізілді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстаннан ұн түрінде жіберілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы (800 тонна) Қырғыз Республикасына жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Бішкекке жеткізілді

Аталған жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтай отырып, теміржол арқылы 12 вагонмен әкелінді.

Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға қарсы әрекет жасау кезеңінде көрші елдерге қолдау көрсету мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн. АҚШ долларынан астам қаражатқа әр елге 5 мың тонна көлемінде ұн түрінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағанын атап өткен жөн.

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Эркинбек Чодуевтың айтуынша қырғыз тарапы Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсеткен көмекті жоғары бағалайды және бауырлас қазақ халқына терең ризашылық білдіреді.

Гуманитарлық көмек Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қорының қоймасына орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар