Әлем • 29 Сәуір, 2020

Фермерлер туристерге қызғалдақ алқаптарынан сәлем жолдады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландия фермерлері гүл алқаптарынан туристерге сәлем жолдады.  Instagram парақшаларында алқызыл гүл алаңдарын жариялаған ферма қожайындары  пандемия кезінде туристерге жағымды көрініс жасауды ұйғарыпты.

Фермерлер туристерге қызғалдақ алқаптарынан сәлем жолдады

Туристер тамашалайтын гүлденген қызғалдақтар алаңы Нидерландиядағы көрікті жерлердің бірі. Пандемия салдарынан биылғы жылы бұл елдегі қызғалдақтар, нарцисстер және гиацинт алқаптарын туристер тамашалай алмайды. Осы орайда «Бұл Сізге қуаныш сыйлайды. Сізге махаббат тілейміз!» деген сәлемін жеткізу үшін егістік иелері қызғалдақтарды алқаптарға ертерек отырғызған.