Елорда • 29 Сәуір, 2020

А. Көлгіновтің басшылығымен қала мен аулаларды абаттандыру мәселелері талқыланды

158 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігінде қала әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен қала мен аулаларды абаттандыру, санитарлық тазалау және жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды. Қала әкімі аудан әкімдіктерінде жауапкершілікті бір-біріне сілтеу фактілері бар екенін айтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

А. Көлгіновтің басшылығымен қала мен аулаларды абаттандыру мәселелері талқыланды

«Сіздер ауданға тиесілі аумақты жаяу аралап, тексермейсіздер, аудандарыңызда қандай проблемалар бар екенін білмейсіздер», - деп атап өтті.

«Мемлекеттік комиссия бірқатар кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға рұқсат берді. Абаттандырумен айналысу керек. Қазір жалпықалалық сенбіліктердің маусымы, бірақ өкінішке орай, біз оларды өткізе алмаймыз. Қаланы жаяу аралаған кезде сіздің жұмыстарыңызға бірқатар ескертулер бар екені анық көрініп тұрады. Ауданға тиесілі территорияны жаяу аралау керек,сонда ғана аудандарда қандай проблемалар бар екенін көресіздер. Қарлы қыстан кейін тротуарларды, плиталарды, қоршауларды ретке келтіру керек. Қазір жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Жұмыстың сапасын бақылау қажет. Шағымдардың көбі Алматы ауданына тиесілі. Аудан әкіміне қысқа мерзім ішінде барлық кемшіліктерді түзетуді тапсырамын. Барлық аудан әкімдері абаттандыру, көгалдандыру, инфрақұрылымды жөндеу мәселелерімен белсенді айналысуы тиіс. Тұрғындарға далаға шығуға рұқсат берілді. Олар серуендеген кезде скверлер мен аула алаңдарына барады, барлығы дайын болуы тиіс. Шаруашылықты мұқият күтіп ұстау керек!»,- деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылады. Биыл елордада 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Оның ішінде саябақтар, скверлер және басқа да адам көп жиналатын орындар бар. 150 аула қамтылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында елордада 15 мың жұмыс орны ашылады. Бірінші кезекте жұмыс іздеушілер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылады.