Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен жас отбасылардың «Жас отау – 2013» облыстық байқауы өтті.
Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен жас отбасылардың «Жас отау – 2013» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – отбасы беделін көтеру, балалардың құқықтарын қорғау, неке және отбасы құндылығын насихаттау болып табылады. Оған қала және аудандардан жас отбасылар қатысты. Қазіргі таңда облыс бойынша 4726 жас отбасы бар. Оларға тиісті әлеуметтік қолдау жасалуда. Бұған нақты мысал, үстіміздегі жылы 216 отбасына «Нұр Ақтөбе» шағын ауданынан баспана бөлінгелі отыр.
Байқаудың алғашқы кезеңінде жас отбасылары өздерін таныстырса, екі кезеңінде өнер сайысына түсті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, бірінші орынды ойылдық Махметовтер, екінші орынды Шалқар ауданынан келген Махмұтовтар, үшінші орынды хромтаулық Бірімжановтар иеленді. Мәртөк ауданынан келген Ұзақбаевтар және Қобда ауданынан келген Қабыловтар отбасы арнайы номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.