Қазақстан • 30 Сәуір, 2020

4 мамырда жанданатын әуе рейстерінің кестесі жарияланды

183 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға қатынайтын әуе рейстерінің уақытын жариялады.

4 мамырда жанданатын әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

Әуе компаниялары рейстерді келесі кестеге сәйкес орындауды жоспарлап отыр:

«Эйр Астана»

Алматы (13:55) – Қызылорда (14:40), Қызылорда (15:40) – Алматы (18:10), Алматы (12:10) – Қызылорда (13:40), Қызылорда (14:40) – Алматы (17: 10). Аптасына 7 рейс.

Алматы (12:15) – Өскемен (13: 45), Өскемен (14:45) – Алматы (16:20). Аптасына 5 рейс.

Нұр-Сұлтан (14:50) – Өскемен (16:15), Өскемен (17:15) – Нұр-Сұлтан (18:45), Нұр-Сұлтан (15:10) – Өскемен (16:35), Өскемен (17:35) – Нұр-Сұлтан (19:00), Нұр-Сұлтан (15:20) – Өскемен (16:45), Өскемен (17:45) – Нұр-Сұлтан (19:10). Аптасына 5 рейс.

«SCAT»

Нұр-Сұлтан (15:40) – Өскемен (17:10), Өскемен (18:10) – Нұр-Сұлтан (19:35), Нұр-Сұлтан (15:50) – Өскемен (17:10), Өскемен (22:30) – Нұр-Сұлтан (23:59). Аптасына 7 рейс.

Алматы (09: 20) – Өскемен (10:30), Өскемен (11:30) – Алматы (12:45). Аптасына 7 рейс.

Алматы (07:00) – Петропавл (09:20), Петропавл (10:10) – Алматы (12:20), Алматы (07:00) – Петропавл (09:20), Петропавл (16:30) – Алматы (18:50). Аптасына 3 рейс.  

«Qazaq Air»

Нұр-Сұлтан – 13: 40) – Өскемен (15:20), Өскемен (16:00) – Нұр-Сұлтан (17:45). Аптасына 3 рейс.

Нұр-Сұлтан (08:30) – Петропавл (09: 40), Петропавл (10:10)-Нұр-Сұлтан (11:25), Нұр – Сұлтан (10:05) – Петропавл (11:15), Петропавл (11:55)-Нұр-Сұлтан (13:05). Аптасына 2 рейс.

Нұр-Сұлтан (14: 30) – Қызылорда (15:20), Қызылорда (16:00) – Нұр-Сұлтан (18:50), Нұр-Сұлтан (15:30) – Қызылорда (16:20), Қызылорда (17:00) – Нұр-Сұлтан (19: 50). Аптасына 3 рейс.

Нұр-Сұлтан (15: 00) – Семей (16: 35), Семей (17:05) – Нұр-Сұлтан (18:40). Аптасына 3 рейс.

* Ұшу кестесін әуе компаниялары реттей алады

Ұшулар Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Олардың негізгілері мыналар:

➖ жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);

➖ жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);

➖ термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;

➖ әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.

Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді.

Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды ескере отырып, билеттер құнын сатып алу күні мен уақытына байланысты 10 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі.

Алдағы уақытта жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады.

ДСМ ақпараты бойынша коронавирустық инфекцияға тесттер ақылы негізде осы бағыттар бойынша ұшатын азаматтардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оларды «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарында, «Олимп» КДЗ-да және Қазақстанның тиісті қалаларындағы «INVIVO» зертханаларында өткізуге болады.