19 Қыркүйек, 2013

Салық саласында жағдай қалай?

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Салық комитеті 2012 жылы қаржы полициясына 350 заңды тұлғаның заңсыз кәсіпкерлігі туралы мәлімет берген. Ал, 2013 жылы қаржы полициясына 316 салық төлеуші туралы мәлімет берілді. Салық бойынша берешек 125 млрд.теңге, деп хабарлады салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев.

Салық комитеті 2012 жылы қаржы полициясына 350 заңды тұлғаның заңсыз кәсіпкерлігі туралы мәлімет берген. Ал, 2013 жылы қаржы полициясына 316 салық төлеуші туралы мәлімет берілді. Салық бойынша берешек 125 млрд.теңге, деп хабарлады салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев болашақта да салық комитетінің қаржы полициясы органдарымен өзара іс-қимыл форматы кеңейтіле түспек деп атап өтті. Бұл жұмыстың барлығы мемлекет мүддесін қолдау жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар екенін еске саламын, деді бас салықшы.

Оның айтуынша, «2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 125,1 млрд. теңге көлемінде 316 салық төлеушіге қатысты салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша материалдар берілген. Оның ішінде 104 салық төлеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 22,6 млрд. теңге өндіріліп алынған».

Бюджетке келтірілген залал көрсеткіші 2012 жылдағы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары болып отыр екен. Мәселен, 2012 жылы жалпы сомасы 129,7 млрд. теңгеге салықтық тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық белгілері бар 639 материал беріліпті. Оның ішінде 139 заңды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 9,3 млрд. теңге өндіріліп алынған.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар