Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Достық үйі челлендж бастады

846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әр диаспораның көз тартар ұлттық киімдері шараның сәнін кіргізе түскендей.

Шығыс Қазақстан: Достық үйі челлендж бастады

Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Достық үйі Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне челлендж бастады.

а

Оның басты мақсаты – облыстың мәдени мұрасын насихаттап, диаспоралар арасындағы келісімді нығайту.

с

«Төтенше жағдай кезінде арамыз алыс болса да, бір-бірімізге тілекші, бауырмал халықпыз. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, қиын-қыстау шақта бір-бірімізге демеу боламыз.

ас

Жоғарыда аталған челленджді орыс, украин, белорус, неміс этномәдени бірлестіктері және «Ақниет» вокалдық ансамблі, Аналар кеңесі, Бесқарағай аудандық Достық үйінің «ДосStar» жастар клубы қолдап, бірден іліп әкетті. Челленджге қатысушылар мемлекеттік туымызды бір-бірлеріне жолдап, «Менің Отаным – Қазақстан! Біз біргеміз!» деп ұрандап, эстафета қызу түрде жалғасып жатыр. Әр диаспораның көз тартар ұлттық киімдері шараның сәнін кіргізе түскендей. Челлендждің басталғанына көп болмаса да, ғаламторда жақсы таралуда. Бейнероликті Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының инстаграм парақшасынан көре аласыздар. Айта кетейік, челенджді қабыл алған павлодарлық достарымыз жуық арада жалғастырады» дейді Шығыс Қазақстан облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова.

Шығыс Қазақстан облысы