Білім • 30 Сәуір, 2020

Батылдықтың бастауына айналған сабақ

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, генерал-майор Владимир Петрович Бондаренкомен онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға кафедра студенттері, оқу взвод командирлері және оқытушылар қатысты.

Батылдықтың бастауына айналған сабақ

Генерал В.П. Бондаренко тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуының бастауында болған.  Ұзақ уақыт бойы ол Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары және кеңесшісі, сондай-ақ тәрбие жұмысы бойынша бірқатар ерен офицерлер тобының тәлімгері болды, деп хабарлайды kaznu.kz.

Бейнеконференция барысында еңбек сіңірген ардагер қазақстандық армияның қалыптасуы, командирлердің тәрбие жұмысының ерекшеліктері және оқу-жаттығу дайындықтарын сәтті ұйымдастыру туралы әңгімеледі. Онлайн-сұхбат кезінде студенттер қонаққа сұрақтар қойды. Олар Әуе қорғанысы күштеріндегі әскери қызметтің ерекшеліктері, офицерлердің бойында болуы керек қасиеттермен қатар жетістікке жетулеріне мүмкіндік беретін өмірлік нұсқауларға қызығушылық танытты. Владимир Петрович курсанттарға өзінің жауыргерлік еңбегі, әскердегі тәрбие жұмысы және Отан қорғаушылар күні мен ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнінің тарихи маңызы туралы айтып берді.

Бейнеконференция мазмұнды өтіп, әскери кафедраның студенттері үшін батылдық сабағының бастауына айналды.