Әлем • 30 Сәуір, 2020

1 мамырдан Пекин мұражайлары ашылады

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші мамыр мерекесіне орай Пекин мұражайлары өз келушілерін күтеді, деп хабарлады Қалалық мәдени мұраны қорғау басқармасы.

1 мамырдан Пекин мұражайлары ашылады

Тиісті мекеме билеттерді брондау жүйесі, сондай-ақ келу сағаттарына шектеулер қою мен келушілерге күнделікті лимиттер туралы ақпаратты мұражайлардың ресми арналары арқылы алуға болатындығын ескерткен.

Келушілер эпидемияға қарсы қауіпсіздік тексерулерінен өтіп, қызметкерлердің ұсыныстарын орындап, бір-бірінен қауіпсіз қашықтықта тұруы тиіс.

Демалыс күндері қалалық мұражайларда 41 онлайн-іс-шара өтеді деп жоспарланған, оның ішінде онлайн-көрме, онлайн-трансляция, ғылыми-көпшілік бейнероликтер, сондай-ақ қоғамдық пайдалы ойындар мен онлайн-викториналар өткізу көзделген.