Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Түркістанды абаттандыруға Келес ауданы да көмектесуде

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласында жыл басынан бері абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Мысалы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Келес ауданы және Түркістан қалалық әкімдігі мемлекеттік сатып алу бөлімінің еншісіне берілген 16- шы секторда «Яссы», «Баянауыл», «Қарашық» мөлтек аудандары орналасқан.

Түркістанды абаттандыруға Келес ауданы да көмектесуде

Қазіргі таңға дейін сектор аумағында 6260 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Егілген тал-дарақтар толығымен «Жасыл Түркістан» КММ-нің қарауына өткізілген. Сондай-ақ, жарықшамдар, қоқыс жәшіктері, орындықтар мен аялдамаларды орнату жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда 120 тұрғын үй, 3 кәсіпкерлік нысанның қасбеттері ретке келтірілген. Қаланы көгалдандыруға Келес ауданынан 15 адам, жергілікті тұрғындардан 5 адам тұрақты жұмысқа тартылды. Тазалық жұмыстарына 3 техника жұмылдырылған.

Қаланы көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстардың барысын тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға жасыл газондардың көпжылдық түрін төсеуді тапсырды. Сондай-ақ, қаланың көрнекті жерлеріндегі ғимараттардың сыртқы көрінісі, шаһардың бірыңғай келбетін сақтау керектігін ескертті.