Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Балабақша қызметкерлері еріктілер қатарында

783 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алапат індеттің салдарынан әлем бір сәтте өзгерді. Елдегі төтенше жағдайда көмекке мұқтаж тұрғындар саны артты. Осындай қиын сәтте Алматы қаласындағы Алатау ауданына қарысты №168 бөбекжай-балабақша ұжымы да қарап қалған жоқ. Балабақша басшысы Назира Зияшқызы бастап, тәрбиешілерімен ұйымдаса отырып еріктілер қатарынан табылды.

Балабақша қызметкерлері еріктілер қатарында

Балабақша тәрбиешісі Гүлмира Какенқызы бетперделер тігіп, зейнеткерлерге таратып, қарияларға қамқорлық жасаса, мектепке даярлық топтарының  тәрбиешілері  Гүлбаршын Казизовна, Бақытгүл Алдабергенқызы, Гүлмира Какеновна, Өнімхан Нұргүлсін, Мөлдір сүйікті шәкірттерін  балабақша бағдарламасынан қалдырмай уақытылы мектепке дайындау үшін заман талабына ілесіп  отырып, балаларға бейнебайланыс арқылы тапсырмалар дайындап, қашықтықтан оқытуды жалғастырып кетті.

Қашықтан оқыту барысында балалармен  бірге ата-аналарға да салмақ түскені белгілі. Ата-ана бала мен ұстаз арасындағы алтын көпірге айналды. Індетті жеңудің бір жолы тазалық болса, ата-аналар балалардың қол жуудың түрлі видеоларын  түрлі  желілер арқылы таратып достарын тазалықты сақтауға шақырды. Індетті жеңудің тағы бір жолы оқшаулану болса, оқшаулануды тиімді өткізудің  бір түрі ретінде спортпен шұғылдану керектігін ата-аналардың  желілердегі видеоларынан байқауға болады. Балабақшаның Индира Шүлембаева, Бақытгүл Мәутенова, Гүлнара Тұрсынбаева, Эльмира Колонтаева сынды педагогтары оқшаулану кезінде бос уақыттарын тиімді пайдаланып, түрлі онлайн байқауларына қатысып, кәсіби шығармашылықтарын шыңдады. 

Балабақшаның мектеп алды даярлық  тобының тәрбиешісі Галя Жарасқызы өз шығармашылығынан туған өлең шумақтарын шәкірттеріне жаттатып, видео роликтер арқылы жолдап,  дәрігерлерге құрмет көрсетті.

Ғажап мамандық                                                             

Осы таңда арқалаған заман жүгін,

Сіздерге бас иеді ғалам бүгін.

Тілейтін бар адамның амандығын,

Ғажап қой дәрігер мамандығың.

Соғыс жылдар таңып жүрдің жараларды,

Еңбегің қай кезде де бағаланды.

Емдейсің үлкендерді, балаларды,

Аман алып қалайықшы қалаларды.

Қиын сәтте отбасынан жырақтадың,

Жеңімпазы болыңдар сынақтардың.

 

Дәрігер

Қатерге өз бастарын тіге білген,

 Қиналса да жымиып күле білген.

Күш-қуат  табылады білегіңнен,

Мейірім шуақ шашып жүрегіңнен.

 

Тәртіпке бағынамыз

Елімізде мына індет басталды,

Үйде бол деп бізге үндеу тасталды.

Тәртіпке біз әркезде бағынамыз,

Отбасынан баршамыз табыламыз,

Бақшамызды әрине сағынамыз.

Тазалықты мұқият біз сақтаймыз,

 Ел үмітін бәрімізде  ақтаймыз.

 Үйде енді текке қарап жатпаймыз

Тақпақ пенен өлеңдерді жаттаймыз.

Көру үшін табиғаттың сұлулығын тамашалап, тамсанып,

Көру үшін  бау бақшада  бар құстардың сайрағанын ән салып.

Көру үшін ана  бала қол ұстасып бақытты боп  жүргенін,

Сабырлы бол үйден шықпа мен де дағы үйдемін!- деп өлең челенджін бастаған балабақша тәрбиешілері індентті бірлесе жеңуге шақырады, дейді №168 бөбекжай-балабақша әдіскері Г.Тұрсынбаева.