Global FirePower рейтингінде Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең қуатты әскери державалар көшін бастап тұр. Ресей мен Қытай жалғастырған тізімде Орталық Азия елдері арасында әскери қуаттылығы жағынан Өзбекстан 52 позицияны еншілеген.
Рейтингтегі елдердің қорғаныс күшін анықтау үшін PowerIndex бағамы бойынша қаржыландырудан бастап, материалдық-техникалық әлеуеті және географиялық өзгермелі жағдайларын ескере отырып, 50-ден астам жеке факторлар пайдаланылған. Рейтингтің ішкі шағын формуласы даму деңгейі орташа елдерді технологиялық жағынан дамыған ірі мемлекеттермен салыстыруға мүмкіндік береді. GFP рейтингінде елдердің өндірістік және логистикалық мүмкіндіктері де ескерілген. Global FirePower ақпараты бойынша Қазақстанның қорғаныс бюджеті 4 млрд долларды құраса, әскер сапындағылардың саны – 132 мың. Ал Әуе әскери күштері мен Әуе теңіз күштері, Әскери теңіз күштерінде ұшу аппараттарының жалпы саны – 222. Оның ішінде 76 жоятын, 39 штурмдық, 18 әскери-көлік, 18 оқу-жаттығу ұшақтары мен 71 әскери, 18 соққы беретін тікұшақтар бар. Қазақстанның Әскери әуе күштері мен басқа құрылымдарда қазіргі кезде 15 әскери патрульді кемелері қолданыста.