Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Атырау: Жоғалған тұрғын үш күннен кейін табылды

978 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғалған малын іздеуге шыққан Жылыой ауданының тұрғыны жоғалып кете жаздады. Елсіз далада  «Нивасы»  балшыққа батып, үш күн бойы   көлікте түнепті.

Атырау: Жоғалған тұрғын үш күннен кейін табылды

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының тұрғыны үш күн бойы байланысқа шыға алмаған.  Оның туыстары  29 сәуірде тиісті органдарға хабар беріпті.  

Хабарсыз кеткен тұрғынды іздеуге аудандық төтенше жағдай жөніндегі бөлімнің бес  қызметкері мен бір полиция қызметкері жол талғамайтын  «Трэкол» көлігімен шықты. Құтқарушылар сол күні Құлсары қаласынан шамамен 120 шақырым жерден, Каспий теңізінің жағалауынан «Нива» көлігін тапты.

Үш күннен кейін табылған жоқ іздеуші  көлігімен бірге Құлсары қаласына жеткізілді. Жапан далада түнесе де дін аман тұрғын  медициналық көмекке жүгінуден  бас тартып отыр.