Қазіргі таңда 42500.enbek.kz порталы 42500 теңгелік төлемді алуға өтінім берудің ірі арнасы болып табылады. Сайт арқылы Қазақстан тұрғындарынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (ЕХӘҚМ) жалпы саны сегіз миллионға жуық өтінім жолданды, делінген dknews.kz таратқан мәліметте.
2020 жылдың 11 сәуірінде 42500.enbek.kz арқылы өтінім беріп қана қоймай, оның статусын да тексеруге болатыны хабарланған соң, сайт пайдаланушылардың толассыз ағымына байланысты техникалық ауыр жүктемеге кезікті. Осылайша, жалпы алғанда, өтінімнің орындалу дәрежесін білу мүмкіндігі 35 миллионнан астам рет пайдаланылды.
ЕХӘҚМ сайтының жүктемесін азайту үшін, өз қолданбаларында немесе сайтында 42500 теңгені алуға берілген өтінім статусын тексеру сервисін қолға алғысы келетін сыртқы әзірлеушілердің жария қолжетімділік нүктесі әзірленді. Осыдан соң өтінім берушілерге өтінімдерінің статусын тексеру мүмкіндігін egov.kz-тегі жеке кабинет арқылы электрондық үкімет порталы ұсынды.
Отандық Aitu қолданбасының әзірлеушілері де ынта білдіріп, @Enbek42500Service ботын әзірледі.