Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Түркістан: Шардара ауданында 18000 гектарға мақта егіледі

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Шардара ауданында 59 мың 300 гектар суармалы жер игерілуде. Көктемгі дала жұмыстары қарқын алуда. Күздік бидай, арпа, күріш, дәндік жүгері, маш, күнбағыс пен картоп, көкөніс егу қолға алынған ауданда мақта негізгі дақыл болып саналады. Яғни 18000 гектарға мақта егу жоспарланған.

Түркістан: Шардара ауданында 18000 гектарға мақта егіледі

Дегенмен «ақ алтынның» көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 5704 гектарға қысқарып, оның орнына дәндік дақыл және мал азығы саналатын егістік түрлері егілмек. Қазіргі таңда ауданда 45531 гектар жер толығымен айдалып біткен. Бүгінге дейін шаруаларға 2500 тонна селитра, 650 тонна аммофос, 450 тонна сульфат аммоний, 110 тонна карбамид таратылып берілген.

Сондай-ақ, «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС-ы шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алды. Бұдан бөлек, техникаларға қажетті дизель отынын жеткізу жұмысы толыққанды ұйымдастырылып, жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп отыр. Ауданда суармалы жерлерді ылғалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл округтерінде орналасқан агроқұрылымдар тарапынан «Қазсушар» РМК облыстық филалымен ағын су алуға келісім шарттар жасалынған. Қазіргі кезде сұранысқа сәйкес Қызылқұм магистралды каналы арқылы 10 м3/сек ағын су босатылып,  28559 гектар жер ылғалдандырылған.