Вице-премьер Эркин Асрандиевтің айтуынша, ел бюджеті қазіргі кезде қиын жағдайда. Бір миллионнан астам адам уақытша жұмыссыз қалды. Алдағы уақытта бизнес бағдары өзгереді, кейбір кәсіпорындар жабылады. Осындай жағдайда экономиканы қолдау үшін 14 миллиард доллар қажет. Алдағы уақытта бұл соманы ұлғайту керек.
Бұдан бұрын мәлім болғанындай, Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде Қырғыз Республикасына 800 тонна ұн жеткізген болатын. Бұл Қырғыз еліне көрсетілетін гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы. Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 12 вагонмен жеткізілді. Қырғыз басшылығы Қазақстанға бұл көмегі үшін ризашылығын білдіруде.