30 Сәуір, 2020

Шағын бизнеске АТФ 8 пайызбен несие береді

434 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронадағдарысты жеңу үшін АТФ осындай мүмкіндіктер қарастырып отыр.

Шағын бизнеске АТФ 8 пайызбен несие береді

«Кюблер-Росс моделінің барлық кезеңінен өттік. Елде алғаш коронавирусты анықтағанда - мойындамау және сенбеу. Мегаполисті карантинге жапқанда ашуға берілу. Қаланы қоршай қойылған блок-посттар елдің күнделікті тірлігін бір-ақ күнде тоқтатып тастады. Кейбіреулер тіпті осы блокпосттарды айналып өту үшін саудаласуға көшкен. Амалсыздықтан депрессияға түсіп, алдағы күнге алаңдай да бастады. Дегенмен, орын алған жағдайға бейімделіп, келесі  кезеңге көшуге аяқ басты...»

Таяу күндерде алдағы айларда қазақстандықтар бастан кешкен қиындықтар артта қалатын болады. «Жеңіс» кезеңіне өту, алда ауқымды істер бар! Белсенді кезеңге шақырған АТФБанктің баспасөз мәліметі ары қарай жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын таныстырады. Бұл ТЖ  және карантин кезеңінде тұралап қалған бизнеске қолдау көрсетуге арналған ұсыныс.

Онда банк ұсынатын мүмкіндіктер төмендегідей:

Минималды пайыздық мөлшерлеме: шағын және орта бизнес өкілдері және жеке кәсіпкерлер үшін қазір банктен жылдығы 8 пайыз болатын кредит алуға мүмкіндік береді. Кредит берудің максималды сомасы ШОБ үшін - 3 млрд теңге және жеке кәсіпкерлер үшін -  50 млн теңге. Алған кредитті бизнесті дұрыс жүргізуге бағытталған. Кредит бір жыл мерзімге айналымдағы қаражатты толтырып отыруға арналған. Ол жалақы төлеу қорын сауықтыру, өндірісті қалпына келтіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті жиынтықтарды сатып алу, міндетті салық төлемдерін жабуға мүмкіндік береді.  Қарыз алушы қарыз сомасын артық төлемсіз алады: ШОБ-қа жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша банк қарызды ресімдегені  және оның қызметі үшін комиссия ұстамайды. Бағдарлама банктің бұрыннан келе жатқан клиенттері үшін де, сондай-ақ АТФБанктің ШОБ командасына жаңадан қосылғысы келетіндер үшін де қолжетімді. АТФБанк өзінің қызмет көрсетіп жүрген клиенттеріне негізгі борыш және сыйақы төлеу мерзімін 90 күн мерзімге кейіне қалдыру түрінде қолдау көрсетуге дайын.

Өтінім беру арқылы төлем мерзімін ұзартуға болады. Оны Банктің сайтынан онлайн түрде оңай ресімдеуге болады. Бұл мүмкіндікті бүгінгі таңда шамаман тоғыз жүздей кәсіпкер пайдаланды. Осы «кредиттік каникул» аясында АТФБанк клиенттері кредиттер бойынша өтеу кестесін қайта қарауға өтініш беріп, қарыз мерзімін сәйкесінше ұзартуды ресімдей алады.

Мәжбүрлі түрде тоқтатумен қатар көптеген жобалар, осы уақытқа дейінгі қолданылып келген іс жүргізу тәсілдері  қайта қарауды талап етуде. Әлем енді бұрынғы қалпына оралмайды#ATFSIZBENBIRGE!