Экономика • 30 Сәуір, 2020

Бірінші тоқсан: Қазақстан-румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 8,0%-ға қысқарды

477 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі (ҚМГ үлесіне) шамалы ұлғайып, 3 348 мың тоннаны құрады. Өсу ПМХЗ мен ПҚОП-та өңдеу көлемінің қысқаруына байланысты елде мұнай өнімдері өндірісінің тепе-теңдігін сақтау мақсатында АМӨЗ-де өңдеу көлемінің артуына байланысты болды.

Бірінші тоқсан: Қазақстан-румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 8,0%-ға қысқарды

2020 жылғы қаңтарда ақтөбелік мұнайды айдаудың тоқтатылуына және мұнай өнімдерін тұтынудың азаюына ықпал еткен Қазақстанның ірі қалаларында карантин енгізілуіне орай ПМХЗ мен ПҚОП-та шамалы азаю байқалды. Румыниядағы KMG International зауыттарында (Петромидия, Вега) өңдеу көлемі 1 312 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен 17,7%-ға төмен. Көлемнің азаюы 2020 жылғы наурыздың13-і мен сәуірдің 30-ы аралығында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты болды.

2020 жылғы бірінші тоқсанда қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 8,0%-ға қысқарып, 4 231 мың тоннаны құрады:

Қазақстандық МӨЗ-дер ҚМГ үлесіне 2 954 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 2,8%-ға төмен. Мұнай өнімдері өндірісінің азаюы 2020 жылғы қаңтарда ақтөбелік мұнай айдаудың тоқтатылуына және Қазақстанның ірі қалаларында карантин енгізілуіне байланысты болды; KMG International зауыттары (Петромидия, Вега) 1 276 мың тонна мұнай өнімдерін шығарды, бұл 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен 18,1%-ға төмен. Көлемнің азаюы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу себебінен Петромидия МӨЗ-де өндірістің тоқтатылуына байланысты.

Барлық мұнай-газ секторы сияқты, қазіргі ахуал кезінде болашақ көрсеткіштерге қатысты нақты болжам жасау қиын. Алайда ҚМГ нарықтағы жағдайды жіті бақылап, барлық өзгерістерге мониторинг жүргізуде және 2020 жылғы екінші тоқсан нәтижелеріне ықпал ететін сұраныстың бұрын-соңды болмаған өзгерістері кезінде әрекет етудің түрлі сценарийлерін пысықтауда. Компания қажеттілік туындаған кезде мүдделі тараптарды жаңа жағдайлар немесе қабылданған шаралар туралы хабардар ететін болады.