Экономика • 30 Сәуір, 2020

Бизнес бір ай ішінде банктерге триллион қаржы салған

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір айдың ішінде қазақстандық бизнес елдегі банктерге бір триллионға жуық қаражат құйған. Бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша екінші деңгейдегі банктердің корпоративті салымдары 9,3 триллион теңгеге жеткен. 

Бизнес бір ай ішінде банктерге триллион қаржы салған

Бір тоқсан ішінде корпоративті салымдар көлемін 17 екінші деңгейлі банктер көтерсе, бұл көрсеткіш бір жылда  20 қаржы институтын құрап отыр.

Корпоративті портфельдердің 9,26 трлн теңгеге жетуі өткен жылмен салыстырғанда  1,26 трлн теңгеге көбейгендігімен байланысты. finprom.kz деректері осы үш ай ішінде көрсеткіштер әртүрлі сипатталады: мысалы, қаңтар айында заңды тұлғалардың депизиті 8,66 миллиардтан 8,7 миллиард теңгеге жетсе, ақпан айында 8,29 трлн теңгеге азайғандығын растайды. Ал наурыз айында қалыпты трендке оралып, бір ай ішінде триллион теңгеге жетіп отыр.

Абсолютті өсім бойынша тоқсан қорытындысында ForteBank көшбасында тұр. Банктың өткен жылмен салыстырғандағы өсімі  817,6 млрд теңгені құраған.