Әлем • 30 Сәуір, 2020

БҰҰ Сириядағы атысты тоқтатуға шақырды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен видео байланыс арқылы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне сөйлеген сөзінде Сириядағы атысты тоқтатуға шақырды.

БҰҰ Сириядағы атысты тоқтатуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш  Афринде болған шабуылды қатаң айыптап отыр. Сирия-Түркия шекарасында орналасқан Африн базарындағы жарылыс салдарынан 40-тан астам адам қайтыс болып, оның ішінде 11 бала болғаны белгілі.

«Біз зорлық-зомбылықтың жалғасуына жол бере алмаймыз. қақтығыс күйзеліске түскен адамдарды жаңа қоныс аударуға мәжбүрлейді. Біз бұл пандемиядан бұрын мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек еді, бірақ қазір оның салдары тіптен  ауыр болып барады», - деді Педерсен.

Гейр Педерсен Сириядағы атысты тоқтату және бейбітшілік үрдісін жеделдету мақсатында Сирия оқиғаларының негізгі қатысушыларымен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.