Блок-посттарда жұмыс істейтін қызметкерлер саяжайға шыққан алматылықтардың барлығын мұқият тексеріп, құжаттарының дұрыстығын анықтаған. Бұл іске еріктілер де жұмылдырылып, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу мен қарт адамдардың ауыр сөмкелері, көшет салынған қораптарын тасымалдауға көмектесуге тырысқан. ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков атап өткеніндей, азаматтардың басым бөлігі Первомай, Есік, Қаскелең, Іле бағытындағы саяжайларға бағыт алып, осы маңдағы блокбекеттерден өткен.
Алматыда карантин режимі жеңілдетіліп, тұрғындарға қала сыртындағы саяжайларға баруға рұқсат етілген кезде қала әкімшілігі алматылықтарды санитарлық талаптарды сақтауға шақыра отырып, саяжайға баратын адамның қолында меншігін растайтын заңды құжаты болуы керектігімен қатар үш адам ғана рұқсат еткен болатын. Ал саяжайға шыққандардан медициналық маска, антисептик міндетті түрде талап етіледі.
АЛМАТЫ