Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар тізімінде маска шығаратын кәсіпорын бар ма?

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Палатаның жалпы отырысында көпшілікті алаңдатып отырған бірқатар мәселеге тоқталды.

Жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар тізімінде маска шығаратын кәсіпорын бар ма?

Төтенше жағдай кезіндегі мәселелерді кеңінен сөз еткен Дариға Назарбаева медицина саласын дамытуға арнайы тоқталып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен бұл сала ауқымды мемлекеттік қолдауға ие болатынын атап өтті.

– Президент халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жақсарту жөніндегі нақты ұсыныстарды қарастыра отырып, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа Кодекс қабылдауды тапсырды. Осы аса маңызды құжатпен біз жақын арада жұмысты  бастаймыз. Жаңа Кодекстің жобасымен жұмыс істеу кезінде сенаторлар осы саланың төтенше жағдай кезіндегі проблемалық мәселелерін ескергені дұрыс деп санаймын. Бұл тұста тағы қандай мәселеге назар аударған орынды? Пандемия қоғамның артықшылықтары мен даму құндылықтарын түбегейлі өзгертті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау әрқашан мемлекеттік саясаттың негізгі мәселесі болып келген, бірақ бұл міндет қазіргідей өткір болған емес. Осыдан келіп барша қоғам еліміздегі медицинаны дамыту стратегиясына айрықша назар аударып отыр, – деді Сенат Төрағасы.

Дариға Назарбаева еліміздің жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар тізімінің жобасын шыққанын айта келіп, оның ішінде медициналық маска немесе дезинфекция құралдарын шығаратын тым болмағанда бір кәсіпорын болмағанына мән берді. Осы ретте ол ортаға «Президенттің тапсырмасы бойынша отандық тест-жүйелерін, иммунды биологиялық препараттарды өндіретін, короновирус инфекциясына қарсы вакцина шығаруға дайын кәсіпорындар қайда?» деген сұрақ тастады?

Дариға Назарбаева қысылтаяң кезеңнің басқа да мәселелеріне тоқталып, сөзінің соңында Парламент барлық деңгейдегі билік органдарының төтенше жағдайдағы әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, жүйелі қорытынды шығару керек екенін атап өтті.