Нұржан Исабаев сонымен бірге Drexel University-інен де (Пенсильвания, АҚШ) шақырту алды. Нұржанның жетістіктерінің қатарында Нью-Йорктің ең биік көпқабатты ғимараты - І Дүниежүзілік сауда орталығында (One World Trade Center) өткен тағылымдамасы.
Қазір түлек ұялы қосымша әзірлеумен айналысуда. Авторлық жобасын отандық нарыққа шығару ойында бар. Нұржанның айтуынша, бұл қосымша арқылы адамдар уақыты мен қаржысын үнемдей алады. Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, өз жолы һәм таңдауы туралы айта отырып, Нұржан әйгілі Марк Твеннің «Біздің өмірімізде ең бақытты екі күн ғана бар: біріншісі – дүниеге келген күніміз, екіншісі – не үшін келгенімізді ұққан күн» дегенін тілге тиек етеді. Білімге құштар әрі өз бағытына бекем Нұржан «Мен өз бағытымды таптым: бұл әлемге құндылық сыйлап, адамзат тарихын жаңа жолдан жазуды қолға алу» деп атап өтті.
АЛМАТЫ