19 Қыркүйек, 2013

«Қайрат» футболшылары жанкүйерлерімен кездесті

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кайратовцы-1

Бүгін, 19 қыркүйек күні Алматының «Қайрат» командасы негізгі құрамының ойыншылары өз жанкүйерлерімен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының сайты хабарлады.

Кездесу клубтың Алматыдағы ресми дүкенінде өтті. «Бүгін біздің фан-шопта нағыз аншлаг болды. Күнделікті жұмыс күні екеніне қарамастан, «Қайраттың» көптеген жанкүйерлері сүйікті ойыншыларымен дидарласу үшін осында арнайы келді. Олармен жүздескен Давид Лория, Любомир Михалик, Стюарт Дафф, Артур Едигарян, Момоду Сисей және бас жаттықтырушы Владимир Вайсс қолтаңбаларын таратты», - деп жазылған онда.

Кездесуде ойыншылар мен бас жаттықтырушы фанаттарды толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Қайраттықтар бүкіл маусым бойына өздеріне қолдау көрсеткендері үшін жанашырларына алғыс сезімін білдірді. Өз кезегінде жанкүйерлер де команданың соңғы турда Шымкентте жергілікті «Ордабасы» командасын жеңіп келгені үшін рахмет айтты.

Соңынан «Қайраттың» фанаттары, ойыншылары мен бас жаттықтырушысы ескерткіш суретке түсті. Командамен келесі кездесу биылғы маусымның соңында өтетін болып келісілді.

Руслан Игілік.

Соңғы жаңалықтар